33
Бүгінгі сот отырысында Берденовке жасалған шабуылға қатысты әкімдік ғимаратындағы бейнебақылау камераларынан алынған жаңа жазба ұсынылды. Кадрлардан күзет қызметкерлерінің шабуыл сәтіне қалай әрекет еткенін көруге болады. Олардың бірі оқиға орын алған сәтте дереу полицияға хабар берген.
Бұған дейінгі сот отырысында айыпталушы Ернар Жиенбай әкімнің орынбасарын тек қорқытқысы келгенін мәлімдеген болатын.
Еске салайық, бұған дейін де шабуыл сәті түсірілген видео сотта көрсетілген еді.