​​«Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасы іске қосылмақ

177

Бұл қосымшадан ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық көмек ала алады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мобильді қосымша үйде бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға денсаулық, тамақтану, тәрбие, дағдыларды қалыптастыру мен дамыту және өзара қарым-қатынас құру бойынша қолжетімді ақпарат ұсынады.

Қосымшаның мазмұны әлемдік институттардың нейробиологиялық зерттеулерінің ғылыми деректері негізінде әзірленген және біздің мәдени-тарихи құндылықтарымыз ескерілген.

«Қазіргі уақытта қосымша Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарымен бірлесіп пилоттық режимде сынақтан өтуде. Оны толық масштабтау қараша айында жүзеге асырылады. Сондай-ақ оның мазмұны сабақтарға арналған идеялар мен практикалық кеңестер ұсыныла отырып, консультациялық орталықтарда пайдаланылатын болады», – деп атап өтті Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Алдыңғы пост
Жүкті келіншектің денесін 70 пайыз күйік шалған
Келесі пост
Газадағы қанды қырғын: 11 айда 17 мыңға жуық балалар көз жұмған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu