Тараптардың келісімімен судья Айжан Құлбаева сот залында Бишімбаевтың телефонын тексеруге кірісті.
Телефоннан бірнеше файлмен видеолар анықталды. Оны ашып көрген судья, Салтанаттың жерде жорғалап бірдеңе іздеп жатқанын жеткізді. Оны Бишімбаевтың өзінен сұраған болатын. Алайда, экс-министр ештеңе ашып айта алмады. Сонымен қатар, күдікті, ол видеолар өзге біреуден келген болу керек деп ақталды.
Ал, бейнежазбадағы дауыстарға мән беретін болсақ, ер адам мен әйелдің дауыстары анық естіледі.
“Сен онымен бірге болдың ба? Сен Райымбек Баталовтың көңілдесі болдың ба?” деп сұрайды.
Ал, Бишімбаевтың өзі қобалжып, жазбаны жалған деп отыр.
Осы тұста жәбірленушілердің адвокаты Игорь Вранчев күмән келтіріп, телефонның IMEI кодын тексеруді және соңғы өшірілгендерді тексеруді сұрады.
“Телефон қорғаушылардың қолында болды. Олардың үстел астында не істегені белгісіз”, – деді адвокат.