Биыл 42 мыңнан астам адам әскерге шақырылмақ

83

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2025 жылы 42 мыңнан астам адамды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы шешім қабылданды.

Қаулыға сәйкес, жергілікті әкімдерден ер адамдарды әскери қызметке жіберу талап етілген. Заңнамада белгіленген тәртіппен шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырып, 2025 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында 18 бен 27 жас аралығындағы 42 098 ер азаматты мерзімді әскери қызметке шақыруды қамтамасыз етсін деп жазылған. Сондай-ақ, заңға сәйкес шақыру пункттерін медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету керек делінген.

Бұдан бөлек, құжатта Президент тапсырмасына сәйкес, әскерге шақырылған және әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерді тасымалдауға жұмсалған шығындарды өтеу ткралы да жазылған. Яғни, тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде шот-фактуралары бойынша өтелуін қамтамасыз ету деп көрсетілген.

Алдыңғы пост
Ақберен Елгезектің мемлекеттік бюджеттен 1 млрд теңге табыс тауып, өзіне жеке кино түсіргені рас па?
Келесі пост
Кеншілердің қазасына кінәлі азаматтар сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu