Алматыда әккі ұры фитнес-клуб келушілеріне 12 мың еуро шығын келтірген

13

Алматыда 32 жастағы ер азамат финтес-клуб клиенттерін сан соқтырып кеткен. Полицейлердің дерегінше, күдікті Алматыда жалдамалы пәтерде тұрған және тұрғылықты мекенжайын жиі ауыстырып келген.

«Ол тек фитнес-клубтарда ұрлық жасап жүрген. Жаттығу залдарына клиенттің атын жамылып, жалған жеке деректер бойынша бір реттік жаттығуға жазылған. Жаттығу залында жарты сағаттан артық болмай, кейін киім ауыстыратын бөлмеде өз айласын асырып келген. Ол жерде келушілердің жеке заттары тұрған сөре кілттерін тауып алып, оларды ашу арқылы бөтеннің ақшасын, ұялы телефондары мен зергерлік бұйымдарын алып кеткен. Күдікті қамауға алынды», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сотқа дейінгі тергеуде күдіктінің осыған ұқсас 10 ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталыпты. Полицейлер оның басқа да қылмыстық эпизодтарға қатысы бар болуы мүмкін екендігін айтып отыр. Тиісті тексеру жұмыстар жалғасуда.

Полиция басқармасы бастығының айтуынша, ұсталған азамат бұған дейін мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Алдыңғы пост
Қызын грантқа түсірмек болған жетісайлық 1 млн ақшасынан айырылды
Келесі пост
Өскемен тұрғыны жүк көліктерін жөндетемін деп алаяққа тап болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu