Блогер бопсалау қылмысымен күдікті ретінде ұсталды

18

Полиция бопсалау қылмысына күдікті блогерді ұстады. Түркістан облысында полиция жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен шымкенттік блогерді ұстады деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ер адамның әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан 2000 АҚШ долларын алып, тағы 4 миллион теңге талап еткені анықталды. Жедел уәкілдер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде блогерді Сайрам ауданы кафелерінің бірінде 6900 АҚШ доллары сомасында ақша алып жатқан сәтінде ұстады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Алдыңғы пост
Шымкентте әкімшілік ғимараттан өрт шықты
Келесі пост
Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың денесі табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu