264
Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевтың айтуынша, Қазақстанда енді букмекерлік кеңселер азаматтарға SMS-хабарлама жібере алмайды. Аталмыш заңға 8 шілдеде қол қойылды.
Тек букмекерлік кеңселердің, спорт ғимараттарының және спортшылардың жабдықтарында ғана жарнамалауға рұқсат етіледі.
“Букмекерлік кеңселердің сыртқы жарнамасына, оның ішінде көлік құралдарындағы жарнамасына да тыйым салынады. Тек букмекерлік кеңселердің, спорт ғимараттарының және спортшылардың жабдықтарында ғана жарнамалауға рұқсат етіледі. Осыған ұқсас ереже бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде интернет-ресурстарға да қарастырылған. Сондай-ақ бұдан былай азаматтар букмекерлік кеңселерден SMS-хабарламалар да алмайды”, – деді вице-министр.