Былтыр елімізде 133,5 мың адам қайтыс болды. Мұндай мәліметті Ұлттық сатитсика бюросындағылар ұсынды.
2021 жылмен салыстырғанда қайтыс болғандар саны былтыр 26,9%-ға азайған (2021 ж – 182,4 мың адам). Қайтыс болғандардың 62,4 % 63 және одан жоғары жастағылар.
Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 адамға шаққанда 11,63), Шығыс Қазақстан (1000 адамға шаққанда 11,58) және Қостанай облыстарында (1000 адамға шаққанда 10,65) байқалды. Бқл осы өңірлердегі халықтың жас құрылымымен байланысты.
2022 жылы өлім-жітімнің негізгі себептері қан айналымы жүйесінің аурулары – 22,7%, ісік – 10,4%, тыныс алу органдарының аурулары – 9,8%, жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттар – 8,4% және ас қорыту жүйесінің аурулары – 8% болды.
Былтыр 1 жасқа толмаған 3154 нәресте қайтыс болған, нәресте өлімі 1000 тірі туылған балаға шаққанда 7,68 құрады. (2021 ж – 3732 нәресте шетінеген).