279
Оқиға Астана қаласында орын алған. Күдікті арам ойын жүзеге асырмас бұрын, алдын-ала жоспар құрған. Яғни, дүкенге қалай кіріп шығу керектігін реттеген. Сөйтіп, бейнебақылау камераларынан жасырынбақ болып, жер бауырлаған.
Дүкенге кіріп, бағалы ұялы телефондарды қолды қылған. Нәтижесінде, 10 млн теңге шығын келтірген.
Қазіргі таңда аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сурет: видеодан алынды