ДДҰ: Маса арқылы жұғатын вирус 5,6 миллиард адамға қауіп төндіріп отыр

28

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, маса арқылы таралатын чикунгунья вирусының жылдам таралуына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Ұйым өкілі Диана Рохас Альварестің айтуынша, бұл вирус қатты қызу мен буындардың ауыруын тудырады. Әрі, кейбір жағдайларда мүгедектікке дейін алып келуі мүмкін.

Қазіргі мәліметтерге сәйкес, вирустың жаңа өршу ошақтары Үнді мұхитындағы Ла-Реюньон, Майотта және Маврикий аралдарында тіркелген. Алғашқы жағдай 8 шілдеде анықталды. 15 шілдедегі жағдай бойынша 478 адамның індет жұқтырғаны расталған.

Вирусқа қарсы нақты ем әлі табылған жоқ. Ал, таралуы өте жылдам көрінеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, 5,6 миллиард адам чикунгунья вирусынан зардап шегуі мүмкін.

Алдыңғы пост
Түркиядағы орман өртіне байланысты 23 адам күдікті ретінде ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu