25 жастағы жігіт 14 келіден астам гашишпен ұсталды

43

Жамбыл облысында есірткі сақтаған азаматтың жолы кесілді. Нақтырақ айтар болсақ, жедел-іздестіру іс-шаралары Шу ауданы Төле би ауылында ПД ЕҚҚІБ және ҰҚКД қызметкерлерімен жүргізілді. Нәтижесінде есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Күдіктіден ішінде гашиш есірткі құралы бар полиэтилен қапшығы тәркіленді. Ер адам тыйым салынған заттарды Алматы қаласында сату үшін сақтаған.

– Алынған заттың жалпы салмағы 14 келі 20 грамм – бұл шамамен 5600 дозаны құрайды. Олардың қара нарықтағы жалпы құны 5 млн теңгеден асады. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Сурет: видеодан алынды

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Келесі пост
Шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандықты тоқ соғып қайтыс болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu