133
Республикалық партия атынан АҚШ президенттігінен үміткер, Дональд Трамп АҚШ-тың қазіргі басшылығының кесірінен 3-4 айдан соң, үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін, деп отыр.
Трамп бұл уәделерді консервативті RSBN медиа компаниясы таратқан Калифорниядағы өз жақтастарының митингісінде айтты.
«Менің қорқынышым бар. Келесі үш-төрт айда біз үшінші дүниежүзілік соғыс болуы ғажап емес. Өйткені, біздің үкімет дұрыс жұмыс жүргізбей отыр. (АҚШ)»
Трамп, президенттік сайлауда жеңіске жетсе, Украинадағы қақтығысты шешемін деп отыр. Сондай-ақ «Таяу Шығыстағы хаосты тоқтатуға» уәде берді.