​Шымкент қаласында дәстүрлі “Шымкент палауы -2022” халықаралық палау фестивалі өтіп жатыр

Теги:
250

Достық дастарханын Қоғамдық келісім” мекемесі, Шымкент қаласы ҚХА, ҚР өзбектерінің “Дустлик” қауымдастығы ” бірлесе ұйымдастырған. Биылғы фестивальге түрлі елден қолынан бал тамған аспазшылар келіп, палау басты. Қырғызстан, Өзбекстан Республикасынан, Алматы, Шымкент, Тараз қалалары менТүркістан облысынан аспаздары келген. Мұндағы мақсат, этнос өкілдері арасындағы достықты нығайту, мерекелік көңіл күй сыйлау. Жалпы мерекелік шараға 41 аспаз қатысып, палаудың 41 түрін дайындады. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов сөз алып, халықтар арасында достықты дәріптеу мақсатындағы ұйымдастырылған іс-шараның берері көп деп отыр. Сондай-ақ, мұндай шаралар оңтүстік өңірінің тұрғындарының көңілін көтеріп, мерекелік күй сыйлайтынын жеткізді. Сонымен қатар, өзінің демеушілерге деген алғысын жолдады. Ал ҚР өзбектерінің “Дустлик” қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов болса, фестивальдің жылдан жылға аясы кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Сондай-ақ, өз сөзінде мұндай игі бастамаларға алдағы уақытта қолдау білдіретіндігін жеткізді. Айта кетейік, Фестивальде үздіктердің үздігін әділ қазылар алқасы анықтайды. Жалпы барлық қатысушылар арнайы сый-сияпаттар және Алғыс хаттармен марапатталады. Естеріңізде болса, аталған байқау 2018 жылы да өткен болатын. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Дустлик» өзбек этномәдени орталығы бірлесе ұйымдастырған. Іс- шараға еліміздің және көршілес Өзбекстаннан 30-дан астам аспаз қатысып, қазан асылған. Яғни, палау басудан үздіктер қатысқан байқауда аспаздардың шеберлігі сынға түсіп, байқау шарты бойынша тағамның дәмі, аспаздың асты ерекше дайындау тәсілі саралан еді.

Алдыңғы пост
​Пәтерді жөндеуге келген құрылысшы үй иесін скотчпен байлап, тонап кетті
Келесі пост
​Арғынбеков көшесінен бәйдібек би даңғылына өтетін жол қозғалысы қарашаның 1 күні сағат 15:00 де ашылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu