Елдос Сметов жаңа көлік пен 5 бөлмелі пәтерге ие болды

96

ХХХlll жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметовке құрмет көрсетілді. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Париж олимпиадасының чемпионы Сметовке жаңа Lexus 600 автокөлігі мен Тараз қаласынан 5 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Сондай-ақ, ізгі тілегін арнап, чемпионның жеңісі барша қазақтың жеңісі деді.

Қасиетті Жамбыл жері – ер Елдостың жеңісінен кейін жауырыны жер иіскемеген палуандардың басты ордасы десек, қателеспейміз. Елдостың ерлігі мен жеңісі – барша қазақстандыққа ортақ қуаныш. Қазақ спортының даңқы арта берсін! – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, чемпионның жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке 2 бөлмелі пәтердің иесі атанды.

Айта кетейік, Елдос Сметов Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрініп, ел қоржынына алғашқы алтынды салған. Оның қоржынында олипиададының үш жүлдесі бар. Ол,2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс, 2020 жылы Токиода қола медальді еншілеген еді.

Алдыңғы пост
Сот төрелігінен жасырынған 53 қашқын ұсталды
Келесі пост
Балаңыздың мектептегі ыстық тамағын, мобильді қосымша арқылы бақылай аласыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu