Еліміз бойынша жыл басынан бері 30 адам суға кетті

21

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты міндеттердің бірі санайды. Сондықтан, қала аумағында шомылу маусымында суға түсуге байланысты сақтық шаралары күшейтілуде.

Қалада 5 ресми суға шомылу орны бар (3-еуінде шомылуға рұқсат етілген). Бұған қоса, 20-ға жуық аквасаябақ пен бассейн жұмыс істейді. Жыл басынан бері 98 рейд жүргізіліп, 8520 адам қамтылды. Бұл жұмыс күшейтілген режимде жалғасуда.

Су қауіпсіздігі туралы бейнероликтер БАҚ, әлеуметтік желілер және LED экрандар арқылы көрсетілуде. 112 қызметі арқылы күнделікті SMS-хабарламалар жіберіледі.

Су пайдалану ережелерін бұзғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 412, 364, 440-баптарына сәйкес жауапкершілік қарастырылған. 2024 жылы 46 тұлғаға 832 мың теңге айыппұл салынған.

2025 жылы тыйым салынған орындарда жүрген балалардың ата-аналарын жауапқа тарту, қауіпсіздік белгілерін орнату және балаларды жүзуге үйрету жұмыстары жалғасады.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында жергілікті органдар және волонтерлармен бірлескен үгіт-насихат шаралары қарқынды жүргізіледі.

Айта кетейік, 2025 жылы республика бойынша 30 адам суға кетсе, Шымкент қаласында мұндай оқиға тіркелмеді. 2024 жылы 2 жағдай тіркеліп, оның бірі – бала.

Алдыңғы пост
Жаңа туған сәбиге құтқарушылар көмек берді
Келесі пост
Мас күйде көлік жүргізген азамат бас бостандығынан айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu