Елімізде букмекерлік кеңселер саны 2 есеге азайды

Теги: ,
364

Соңғы 2,5 жылда Қазақстанда букмекерлік кеңселер саны екі есеге азайды. Мәселен, 2021 жылдың басында елімізде 38 букмекерлік кеңсе болса, бүгінде олардың саны – 16, ал іс жүзінде жұмыс істейтіндерінің саны – 12.

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша,  ведомство түсіндіру арқылы және сот тәртібімен букмекерлік кеңселердің санын азайту бойынша жұмыстар жүргізеді. Соның нәтижесінде соңғы 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырған.

Биыл жыл басынан бері сот шешімімен 5 букмекерлік кеңсе жабылды. Олардың жұмысы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келмеген. Қазіргі уақытта тағы 3 букмекерлік кеңсеге қатысты лицензиялардың күшін жою жұмысы жүріп жатыр.

Қазақстандағы ойын бизнесі субъектілерінің жалпы саны да кеміп жатыр. Соңғы 5 жылда олар 2,5 есе азайды. Егер 2018 жылы 97 болса, биыл олардың саны 38-ні құрайды.

«Мәдениет және спорт министрлігі букмекерлік кеңселер мен ойын бизнесінің басқа да нысандарының заң нормаларын сақтауын мұқият қадағалайды. Мәселен, биыл басынан бері министрлік сот тәртібімен ойын бизнесі саласындағы 7 лицензияның қолданылуын тоқтатты. Осыған ұқсас тағы 7 ұйымға қатысты жұмыс атқарылып жатыр. Сондай-ақ интернетте де мониторинг жүргізіледі. Биыл 3670 заңсыз онлайн-казино бұғатталды»,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Алдыңғы пост
Шымкентте көкөніс базарының сатушысы таныстарын сазға отырғызып кеткен
Келесі пост
Инвесторлар ең үлкен қоқыс өңдеу зауытын салады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu