Елімізде есірткімен күрес күшейтілді: мыңдаған шот бұғатталды, 9 тоннандан астам есірткі тәркіленді

36

2025 жылдың өткен кезеңінде прокуратура органдарының үйлестіруімен құқық қорғау және арнайы органдар тарапынан есірткі мен психотроптық заттарды жеткізудің 111 арнасы (өткен жылдың осы кезеңінде – 135) анықталып, жолы кесілді.

Сондай-ақ, синтетикалық есірткі өндіретін 21 (былтыр – 11) зертхана және құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 125 (былтыр – 45) фактісі тіркеліп, жойылды.

Жалпы алғанда, заңсыз айналымнан 9 тонна есірткі, оның ішінде 254 кг синтетикалық есірткі және 12 тонна (2024 жылы – 105 кг) прекурсорлар тәркіленді. Есірткі мен прекурсорлардың ел аумағына заңсыз кіргізілу фактілері 56%-ға төмендеді – 182 жағдайдан 80-ге дейін.

Жыл басынан бері Бас прокуратура құқық қорғау органдары мен екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, интернет кеңістігіндегі есірткі сатумен айналысатын дүкендерге байланысты банктік шоттарды анықтау, бұғаттау және тәркілеу алгоритмін енгізді. Нәтижесінде жалпы құны 2,3 миллиард теңгеден асатын 98 мыңнан астам есірткіге қатысты банктік шот бұғатталды.

Барлық қылмыстық істер бойынша қаржылық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында есірткі бизнесінің түпкілікті бенефициарлары мен ұйымдастырушыларын, «dropper» қызметін көрсететін тұлғаларды және заңсыз қаржылық операцияларға қатысы бар банктік шот иелерін анықтау тапсырылды.

Сонымен қатар, құқық қорғау және мемлекеттік органдар «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы интернеттегі есірткі дүкендерін бұғаттау жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі таңда 6 мыңнан астам сайттың қызметі тоқтатылды.

Есірткі қылмысына қарсы күресте жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайту жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

 

Алдыңғы пост
Сәлемдеме арқылы есірткі өткізген қала тұрғыны 16 жылға сотталды
Келесі пост
Тұрғындардан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu