187
Денсаулық сақтау министрлігі міндетті медициналық сақтандыру жарнасын төлейтін қазақстандықтар үшін кейбір медициналық қызметтердің тарифтерін төмендетпек.
Нақтырақ айтар болсақ, белігілі бір органдарға жасалатын компьютерлік томография және магнитті-резонанстық томографиясы арзандайды.
-КТ бағасы 9621 теңгеден 7976 теңгеге дейін төмендейді;
-Контрастілеуді қажет ететін КТ бұған дейін 29 955 теңге болса, енді 24 705 теңгеге арзандайды;
-МРТ бағасы да 12 247 теңгеден 8750 теңгеге төмендеді;
-Контрастілеуді қажет ететін МРТ құны 34 735 теңгеден 29 605 теңгеге түседі.
Айта кетейік, ДСМ жаңа тарифтер 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енетінін мәлімдеді.