Елімізде онкологиялық аурудан жыл сайын 13 мың адам көз жұмады

174

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен Ұлттық ғылыми онкология орталығында «Онкология қызметінің проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбында көшпелі отырыс өтті деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов жетекшілік еткен жиынға депутаттармен қатар Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев және басқа да медицина мамандары қатысты.

Елімізде онкологиялық аурудан жыл сайын 13 мың адам көз жұмады. 2023 жылы ауыру көрсеткіші өскен. Осыған орай депутаттар жауапты орган өкілдеріне салаға қатысты сұрақтарын қойды.

Басқосуда мамандардың тапшылығы, қажетті құрал-жабдықтардың ескіруі, тарифтердің жетіспеушілігі және бөлінген қаржы туралы депутаттардың ұсыныстары талқыланды. Осы және өзге де мәселелер мен оларды шешу жолдары қаралды.

Алдыңғы пост
Германияда еліміздің азаматшасы жоғалып кетті
Келесі пост
Көкжөтелден бүлдіршін көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu