Көкжөтелден бүлдіршін көз жұмды

91

Елімізде жасөспірім бала көкжөтелден қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

“Көкжөтел – вакцинамен басқарылатын инфекциялардың бірі. Дүние жүзіндегі барлық мемлекет коклюшқа байланысты вакцинаны балаларға егіп жатады. Бұл эпидемиологиялық жағдайды тұрақты түрде ұстап тұрады. Бізде былтырдан бері көкжөтелге қатысты жағдайдың өскенін байқап отырмыз. 80 пайыз ауырған балалар өкінішке қарай вакцинаны алмаған. Көкжөтелдің асқынған түрлері өте ауыр түрде өтеді. Емі де қиын. Азаматтарымызды балаларын осы ауру түріне қарсы вакцинаны белсенді алуға шақырамыз. Қосымша вакцинациялау мәселесінде тағы қаражат бөлінді. Яғни, былтырғы жылдары вакцинациядан өтпеген балаларамыздың арасында қосымша вакцинациялау жұмыстары жүріп жатыр”, – деді Денсаулық сақтау министрі.

Бүлдіршін екі жасқа да толмаған. Екпе алмаған. Ауруханаға кеш жеткізілген дейді мамандар.

“Биыл 9 наурызда Қарағанды облысында сәби көкжөтелден көз жұмды. Оның жасы – 1 жас 11 ай. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жағдайға сараптама жүргізілді Біріншіден, бала шала туған. Екіншіден, екпе алмаған, ауруханаға кеш түскен. Аурудың асқынуы салдырынан сәбиге көмектесе алмадық. Көкжөтел жеңіл өтетін ауру емес”, – деді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан соң.

Алдыңғы пост
Елімізде онкологиялық аурудан жыл сайын 13 мың адам көз жұмады
Келесі пост
«Қайрат» футзал клубына айыппұл салынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu