Еліміздегі зейнеткерлердің бірі 993 040 теңге алады

76

Отандастарымыздың зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері 4,52 трлн астам теңгеге (немесе 25%) өсті.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 270,08 млрд теңгеге жуықтады.

2025 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары шамамен 128,86 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 65,40 млрд теңгеге немесе 103,1% көп деп хабарлады зейнетақы қоры.

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 16,78 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8,2% жоғары.

Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 6,32 млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 3,29 млрд аса теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 272,60 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 989,23 млн теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 23,1 млрд теңге аударылды.

Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем – 35 523 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы – 993 040 теңге.

Алдыңғы пост
Президент су тасқынына қарсы дайындық шараларын пысықтады
Келесі пост
Қазақстанда жыныс ауыстыру операциясына тыйым салынуы мүмкін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu