Бұл туралы Экология министрі мәлімдеді.
«Ең үлкен су тасқыны Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының және Қостанай облысының оңтүстік бөліктерідегі өзендерде болып жатыр.
Алайда су тасқыны қаупі әлі күнге дейін сақталады. Шығыс Қазақстан (Ертіс, Бұқтырма, Үлбі, Оба), Абай (Ертіс, Шар, Аягөз, Көкпекті), Қарағанды (Нұра, Шерубайнұр, Соқыр, Кеңгір, Тоқырау), Ұлытау (Шерубайнұра, Соқыр, Кеңгір, Тоқырау), Ақмола (Есіл, Қалқутан, Жабай, Селеті), Солтүстік Қазақстан облыстары (Есіл, Қалқутан, Жабай, Сергеев су қоймасы) және Қостанай облысының солтүстік жартысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі және қауіпті белгілерден асуы байқалады», – деді министр Үкімет отырысында.
Осы ретте айта кету керек, “Қазгидромет” РМК бас директорының орынбасары Серік Сайыров Батыс Қазақстанда су тасқыны болуы мүмкін екенін айтып отыр. Оның сөзінше, аймақтағы су деңгейі қазірдің өзінде көтеріліп жатыр.
“Алдағы уақытта су тасқыны Қостанайдың орталық және батыс бөлігінде бір-екі күнде болады деп күтіліп отыр. Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңі басталады. Ол судың көзі Ресей территориясынан келеді. Өйкені ол жақтағы су қоймасы толып, суды түсіру процесі жүргізіліп жатыр. Оралға келесі апта үлкен су келуі күтіліп отыр. Осы аптаның аяғында болуы мүмкін. Жайық өзені қазірдің өзінде көтеріліп жатыр. Ресей мамандары бізбен байланыста және күнделікті ескертіп отыр”, – деді “Қазгидромет” РМК бас директорының орынбасары.