«Жастар практикасы» — жас маманға жол ашқан жоба

Теги:
800

Халықты жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту Ұлттық жобасы шеңберінде «Жастар практикасы» бағдарламасы іске асырылып келеді.  Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту» орталығының қолдауымен жыл басынан бері 2413 жас жұмыспен қамтылған. Оның ішінде өз мамандығы бойынша “Жастар практикасы” жобасы аясында жұмыс орындарына 2125 жасқа жолдама берілген.

Сонымен қатар дипломды қолына алып, бірден жұмысқа тұра алмаған NEET санатындағы 288 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жұмыспен қамтылды.  Жалпы “Жастар практикасына” соңғы 3 жылда жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарын бітірген, бірақ еңбек өтілі жоқ түлектер қатыса алады.

Еңбек нарығында бос жұмыс орындарын іздеген кез-келген азамат «Электронды еңбек биржасына» жүгіне алады. Жұмыс беруші мен жұмыс іздеушілерді тікелей байланыстыратын Enbek.kz порталында қазіргі таңда (06.12.22) бойынша 2041 бос жұмыс орны бар.

Керек кеңес. Жастар практикасына кімдер қатыса алады?

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 3 жыл ішінде бітірген және 29 жастан аспаған жұмыссыз түлектер жастар практикасына қатыса алады.

Жастар практикасына қатысуға қалай өтініш беруге болады?

Жастар практикасына қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгіну тиіс. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі: Жеке басын куәландыратын құжат; Еңбек кітапшасы (бар болса); Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат. Практиканың ұзақтығы қанша? Жастар практикасынан өту мерзімі 2022 жылдан бастап 12 айға ұзартылды.

Практиканы қандай кәсіпорындарда өтуге болады?

Жастар практикасына арналған жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс. Еңбекақы қанша? Салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, айлық жалақы әр аймаққа қарай 25 АЕК-дан бастап 40 АЕК дейінгі мөлшерде.

Практикадан соң түлектер жұмысқа орналаса ала ма?

Түлектердің көпшілігі практика өткен ұйымда жұмыс істеуге қалады. Көп нәрсе үміткердің өзіне байланысты. Егер ол жастар тәжірибесі барысында өзін танытса, жұмысқа тез кірісіп кете алған болса, оған тұрақты қызметкер ретінде қалуды ұсынады. Ұсынбаған күннің өзінде де қорқудың қажеті жоқ. Өйткені енді түлекте аз да болса белгілі бір жұмыс өтілі бар. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері оған түрлі бос жұмыс орындарын ұсына алады. Сондай-ақ орталық олардың түйіндемелерін электрондық еңбек биржасы – enbek.kz сайтында да жариялайды.

Алдыңғы пост
Шымкент: эпидемиологиялық жағдайы тұрақты
Келесі пост
“Қыс-2022” оқу-жаттығуы аясында практикалық іс-шаралар өткізілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu