100-ге жуық отандасымыз шетелде құлдықта жүр

287

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Бүгінге дейін Тайландта құлдықта болған екі қызды құтқарған. Олардың бас-басына 10 мың доллардан сұраған.

«Бір қызығы, екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Олар интернеттегі хабарламаны көріп, алданып қалған. Сөйтіп, Таиландқа жұмыс істеуге барған.

…Адам басына 10 мың доллардан ақша сұрады. Олардың өзінде де, туыстарында да ақша болмаған. Жергілікті билікпен бірлесіп, бір ай ішінде екі қызды құтқардық. Қазір олар Қазақстанға ұшып келе жатыр. Ақша талап еткен шетелдіктерге бір тиын да берген жоқпыз», – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, Қазақстан тарапы бір ай бойы келіссөз жүргізіп, нәзік жандыларды құтқарды. Олардың бірі Алматыдан болса,  екіншісі Ақтөбеден екен

Алдыңғы пост
Оңтүстіктен солтүстікке көшу дұрыс па?
Келесі пост
Балалар үйінің тәрбиеленушісі із-түссіз жоғалып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu