350
Қазақстандық аңшылар үшін аңшы куәлігін беру толығымен электрондық форматқа ауыстырылды. Бұл осы құжатты алу процесін жылдамдатады және жеңілдетеді.
Цифрландыру және Экология министрлігінің бірлескен жұмыстарының арқасында аңшы куәліктері «eGov mobile» мобильді қосымшасындағы цифрлық құжаттар бөлімінде цифрлық форматта қолжетімді. Аңшы куәлігін беру Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарымен берілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.
Айта кетейік, «eGov mobile» мобильді қосымшасындағы жаңа цифрлық құжат оны 2023 жылдың қаңтарынан бастап ресімдеген азаматтар үшін қолжетімді.