Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде сотталды

172

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы   Ермұрат Бәпи хабарлаған. Сондай-ақ, ол елімізде бұған дейін ешкім сегіз жылға шартты түрде сотталмағанын айтқан. Әлдекімдердің ықпалы әсер еткен болуы мүмкін деген ойымен бөліскен.

“Бұған дейін Қазақстанда ешкім 8 жылға шартты түрде сотталмаған. Соған қарағанда, мүдделі біреулер “8 жыл” деген едәуір жазамен қоғамды алдарқатып, ал шындығында Самат Әбішті түрме жазасынан алып қалған. Қаңтар оқиғасына бірден-бір кінәлі күштік құрылымның жоғары дәрежелі лауазымгері осылайша тиісті жазадан құтылды. Әлбетте, бұл “комедияның” басты режиссері Нұрсұлтан Назарбаев екені тайға таңба басқандай аян жағдай”, – дейді ол.

Айта кетейік, Самат Әбіш қылмыстық кодекстің 362-бабы “Лауазымын асыра пайдалану” бойынша сотты болған.  Сот мәліметіне сәйкес іс “құпия” болғандықтан, процесс жабық режимде өткізілген.  Сондай-ақ Самат Әбіш кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан. Әрі балаларының болуы да жазаны жеңілдететін фактор ретінде қаралған.

Алдыңғы пост
Атышулы Айкаға қатысты сот процесі басталды
Келесі пост
Шымкентте 25 сауда нысанында 50 пайыз жеңілдік қарастырылмақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu