375
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды. Оқиға Сарыкөл ауылынан 4 шақырым жерде орын алған. Lada Priora автокөлігін тізгіндеген 31 жастағы жүргізуші Жаңажол-Сарыкөл автожолымен жүріп келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Салдарынан 68 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Renault Daster автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Екінші көліктің жүргізушісі Кеңқияқ ауылы ауруханасының қабылдау бөлімінде көз жұмды» делінген ІІМ Telegram-каналындағы мәліметте.
Lada көлігінде болған бір жолаушы мен Renault Duster-дің үш жолаушысы Кеңқияқ ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Олардың екеуі кәмелет жасына толмаған балалар.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.