Ішімдікке сылқия тойып алған ер адам көпқабатты үйді жарып жібермек болды

220

Қарағанды облысы Теміртау қаласында ішімдік ішкен ер адам өзі тұратын көпқабатты үйді жарып жібермек болды. Оқиға кеше, 9 сәуір күні кешкі уақытта орын алған. Полицияға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде пәтер алдындағы дәлізде түтін мен кенеттен дауыс шыққаны туралы хабарлама түскен. Белгілі болғандай, сол үйде тұратын азамат ішімдік ішкен күйде пәтерінің есігін жауып алып, үйдегі газ баллонын жарамын деп көршілерін қорқытқан.

Полицейлер мен  қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері шұғыл түрде тұрғындарды эвакуациялап, оқиға орнын қоршауға алды. Сағат 20.20 шамасында 35 жастағы азамат ұсталды.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Алдыңғы пост
Үшінші мегаполисте құрылыс материалдары шығарыла бастайды
Келесі пост
Ақтөбеде жол апатынан екі жүргізуші мерт болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu