301
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмысшы өлімі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы ІІМ Telegram-каналы жазды.
Оқиға бүгін 11 мамырда таңғы уақытта болған.
«102» кезекші пультіне 9 шағынаудандғы №4 үй мекен-жайы бойынша үйдің кіреберіс шатыры құлағаны туралы шақыру келіп түскен.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Мән-жайды анықтау барысында бөлшектеу жұмыстары кезінде жұмысшыларға кіреберістің шатыры құлағаны анықталды. Оқиға орнында 53 жастағы ер адам қаза тапты, екінші 29 жастағы ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді» делінген полиция хабарламасында.
Бұл дерек Қылмысық кодекстің 277-бабы бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.