Балуандарға батырға лайық құрмет көрсетілді

172

Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында көк байрағымыздыжелбіретіп, әнұранымызды әуелеткен балуандар «Динамо» спорт қоғамының спортшылары, Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қатардағы Ризабек Айтмұхан мен лейтенант Азамат Дәулетбеков елге оралды.

Халықаралық Алматы әуежайында оларды «Динамо» спорт қоғамы, Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері және спорт сүйер қауымен бірге жерлестері, өзі оқыған спорт мектебінің жас спортшылары, тілшілер мен туған туыстары әскери оркестрмен қарсы алды. Қазақы дәстүрге сай қос балуанға бауырсақ, қымыз ұсынып, иықтарына шапан жабылды.

Қатардағы жауынгер Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта Қазақ елінен шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанып, боз кілемде қазақ елінің абыройын асқақтатты. Ал лейтенант Азамат Дәулетбеков 97 келіге дейінгі салмақта қола жүлдемен қоса Париж олимпиадасы жолдамасын олжалады. Қос балуанға халық дән риза.

– Ыстық ықылас, үлкен қошеметпен қарсы алып жатқан еліме, өзім борышымды өтеп жүрген Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне алғыс айтамын! Өте керемет сезімде тұрмын. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл менің арманым еді. Қазақ еліне осындай сәтті силағаныма қуаныштымын. Боз кілемдегі қарсыластар осал болмады. Шешуші кезеңде намысқа тырысып барымды салдым. Соңына қарай қарсыласымның шаршағанын байқадым. Сол сәтті ұтымды пайдалана алдым деп ойлаймын. Маған қолдау білдіріп, жанкүйер болған барша отандастарыма алғысым шексіз, – дейді Ризабек.

Айта кетейік Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан финалда әзербайжан балуаны Осман Нурмагомедовты жеңіп, еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды. Әлем чемпионы қазіргі уақытта Отан алдындағы борышын құқықтық тәртіп әскерінің Алматыдағы Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде өтеуде.

Алдыңғы пост
“Қыспаққа шыдамаған”. Астанада оқушы бала 12-қабаттан секіріп кетті
Келесі пост
Әнші Төреғали Төреәлі тағы да қамауға алынуы мүмкін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu