Ғабит Сыздықбеков алғашқы жұмыс күнін тұрғындарды қабылдаудан бастады

221

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Көрме» орталығында қала тұрғындарын қабылдап, алғашқы жұмыс күнін жергілікті халықтың талап-тілектерін тыңдаудан бастады. Қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында 300-ден аса тұрғын өтінішін білдірді. Тұрғындардың алаңдатқан мәселелердің басым көпшілігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жер мәселесі, жол және инфрақұрылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты ауқымды сұрақтарды қамтыды.

«Көрме» орталығында әкім орынбасарлары, департамент басшылары,  аудан әкімдері, басқарма басшылары мен сала мамандары қабылдауға келген азаматтардың талап-тілектерін назарға алып, бағыт-бағдар беріп, тиімді шешу жолдарын қарастырды.

Ғабит Әбдімәжитұлы халықпен ашық диалог құруға күш салып, талап-тілектер бойынша қабылданатын шешімдерді назарға алатынын жеткізді.  Жауаптыларға  азаматтар тарапынан түскен бірде-бір арыз-шағымды ескерусіз қалдырмай, әсіресе, әлеуметтік, инфрақұрылымды жақсартуға қатысты мәселелерді тиімді,  шұғыл  шешуді тапсырды.

Азаматтардың кей талап-тілектері қабылдау кезінде шешімін тапты. Басқа да ұсыныстар мен талап-тілектер хаттама негізінде назарға алынып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданатын болады. Сондай-ақ қабылдауға келген тұрғындарға жұмыспен қамту шараларына, баспанамен қамтуға, кәсіпкерлікке қатысты түрлі мемлекеттік бағдарламалардың шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, тұрғындар арасында қаланың дамуына қатысты ұсыныс, жобаларын таныстырған белсенділер де болды. Қала әкімі мегаполистің тыныс-тіршілігіне бей-жай қарай алмайтын азаматтарға ризашылығын білдіріп, қолдау көрсетті.

Сонымен қатар қабылдау барысында халыққа тұрғын үймен қамту, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту салаларына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың  ережелері мен шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, соңғы бес жылда, қаладағы нақты ауыз су қуаттылығының қажеттілігі тәулігіне 323 мың куб болса, қолданыстағы қуаттылығы 273 мың куб құраған. Мәселені шешу мақсатында қуаттылығы 91 мың кубты құрайтын Көмешбұлақ магистралды суаққысы салынып, ауыз сумен қамту қуаттылығы 2030 жылға дейін шешілді.  Сонымен қатар, электр қуаттылығына деген нақты қажеттілік тәулігіне 455 мВт болса, қолданыстағы қуаттылық 330 мВт құраған. Қажеттілікті шешу мақсатында, 220 мВт құрайтын Бозарық қосалқы станциясы салынып, электр қуаттылығы мәселесі 2025 жылға дейін шешілді. Бұдан бөлек, табиғи газ қуаттылығына нақты қажеттілік тәулігіне 270 мың метр куб болса, қолданыстағы қуаттылық 180 мың метр кубты құраған. Осы бағытта 250 мың метр кубты құрайтын жаңа АГРС құрылысын іске асыру арқылы, 2030 жылға дейінгі табиғи газ қуаттылығы мәселесі шешілді.

Алдыңғы пост
Шымкент: мақсат айқын, міндет зор
Келесі пост
Ақтаулық кинолог халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu