Адам құқықтарын қорғауда ынтымақтастық орнатылды

326

Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында адам құқықтарын қорғау мәселелері мен  азаптауға және басқа да келеңсіздіктерге қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.  Басқосуға қалаға жұмыс сапарымен келген ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, сондай-ақ прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшылары қатысты. Кеңейтілген мәжілістің күн тәртібінде адам құқықтарын қорғаудағы нәтижелі жұмыстар талқыланып,  тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мәселелері қарастырылды.

М.Дүйсенбекұлы барлық құзырлы мекеме басшыларын Конституция талаптарын қатаң сақтауға және осы бағыттағы шараларды бірлесе атқаруға шақырды. Омбудсмен адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының, әсіресе оның өңірлік өкілдіктерінің жергілікті деңгейде адам құқықтарын қалпына келтірудегі маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Ұлттық превентивтік тетіктің рөлін  арттыруда, азаптауларды болдырмау және олардың алдын алу мәселелерінде жергілікті атқарушы орган өкілдерімен  бірлесе тығыз жұмыс жүргізуге сенім білдірді.  Мәжіліс соңында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, аталған бағыттарда бірлесе  жұмыс істеуге уағдаласты.

Сонымен қатар, елімізде бұған дейін, «Қазақстан 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» қабылданған болатын.  Ал былтыр сәуір айында Президенттің жарлығымен осы тұжырымдамаға қайта  өзгерістер енгізілді. Яғни, бұл құжаттың басты мақсаты әйелдердің қорғалуы, белсенділігін арттыру және қолдау көрсету. Осыған орай, Шымкент қаласында түрлі тақырыпта бас қосу өткізіліп, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшалар қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Осы ретте айта кету керек, соңғы жылдары Қазақстан гендерлік саясатты іске асыруда белгілі бір ілгерілеуге қол жеткізді. Ең алдымен, бұл әйелдер әлеуетін мақсатты дамытуда, еңбек қызметінде, бизнесте, саясатта және мемлекеттік басқаруда ерлер мен әйелдердің тең көрінісі үшін жағдай жасалуда. Сонымен қатар,  әйелдердің сапалы білім алуы мен денсаулық сақтауға тең қол жеткізуіне  мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, аналарға жан-жақты қолдау көрсетіліп, психологиялық, рухани көмек көрсетілуде. Нақтырақ айтар болсақ, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» мамандары  және №9 Шымкент қалалық емхана қызметкерлері бірлесіп,  «Әйел – бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді»  атты кездесу өткізді. Жиын,  Жаңаталап тұрғын алабының аналарымен еркін форматта  ұйымдастырылды.

Алдыңғы пост
М.Әйтенов: жол құрылысын жүргізуде инженерлік желілерді ескеру керек
Келесі пост
Қазығұрт шағын ауданындағы мектеп күрделі жөндеуден өтуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu