Қазақстанда қанша босқын жүргені белгілі болды

Теги: , ,
254

Елімізде қанша босқын мен пана іздеуші жүргені белгілі болды.

Бұл туралы Премьер-министр орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында Көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асыру туралы баяндамасында айтты.

«Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 628 пана іздеушілер мен 333 босқын бар. Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азиядағы аймақтық басқармасымен бірлесіп, жоғары айтылған азаматтардың әлеуметтік құқықтары қорғалуын қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету шаралары әзірленді», – деді Тамара Дүйсенова.

Геосаяси тәуекелдерді, оның ішінде пана іздеп жүрген адамдардың жаппай ағынын ескере отырып, Үкімет оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастырудың тиісті қағидаларын бекіткен.

Министр сондай-ақ көші-қон процестерін реттеу жүйесін цифрландыру басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті.

«Бүгінде біз мигранттарды тіркейтін бірыңғай жүйе құру үшін қолда бар ақпараттық жүйелердің бәрін өзара интеграциялауға кірістік. Шетелдегі мекемелеріміз үшін «Қандас» атты жаңа функционалды автоматтандырылған ақпараттық жүйені іске қосу басталды, – деді министр.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясындағы, Моңғолиядағы және Түркіменстандағы өкілдіктер жаңа функционалға қосылды. Жақын арада тағы 26 ел үшін қолжетімділік ашылмақ.

Алдыңғы пост
Шымкентте із-түзсіз жоғалған бойжеткеннің мәйіті табылды
Келесі пост
Қазақстандықтарды Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс орналастыру шаралары пысықталып жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu