Қайсар мінезді ару

254

Мамандық менгеру немесе сол мамандықтың маманы болу кез-келген жанның алға қояры басты мақсаты. Ал сол саланың ырқына көніп, күндегісін күнде өткізу кімге болса да оңай шаруа емес. Әскери бөлім қабырғасында қызмет атқарып жүрген ару жандар да бар. Тәртіп пен талапты қажет етер ер азаматтар мен иық тірісе қызмет атқарып жүрген аруларымыз нағыз қайсар мінезге ие.

Сол жандардың бірі – кіші сержант Нұргүл Жеткергенқызы Темирова.

1980 жылы 23 шілдеде Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қайынды селосында дүниеге келген. 1986 жылы сол ауылда мектеп табалдырығын аттап, білім нәрімен сусындап 1996 жылы мектепті аяқтаған. Сол жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде білімін жалғастырған. Колледжді толық бітіріп, үздік аяқтады деген дипломын алған. 2000 жылы тұрмысқа шығып үлкен өмірге қадам басты. 2004-2007 жылдары ол бастауыш сыныптарға сабақ беріп мұғалім қызметінде жұмыс жасады. Ал әскери қызмет жолындағы еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінен бастаған. 2013 жылы келісімшарт бойынша Жаңаөзен қаласындағы 5548 әскери бөліміне ауысып келді. Қазіргі таңда осы бөлімде асхана бастығы болып қызмет атқарады.

Бөлім сарбаздарының ыстық тамақпен
қамтамасыз етілуін толықтай бақылап отырған Н.Жеткергенқызы сарбаздардың да әскердегі екінші анасындай қамқор. Сағат тілімен таласпай таң ата асын дайындайтын Нұргүл ханымның өз қызметіне деген адалдығы және сүйіспеншілігі деп білеміз. 14 жыл әскери бөлім қабырғасында қызмет атқарып келе жатқан Нұргүл барша еңбекқор ару жандарымызға үлгі.

Нұргүл ханымға отбасына амандық, кәсіптік жолына табыс, деніне саулық тілейміз. Осындай ауыр саланы меңгеріп, ұршықтай айналдырған кейіпкеріміз қазақ қызының бойындағы қайсарлықты бәріне дәлелдей білді.


Капитан, 
Мерет Табынбай

Алдыңғы пост
Хабарландыру
Келесі пост
Отан мен отбасының ошағын қатар жылытқан аяулы жан!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu