Шымкентте ерекше акция өтті

434

Акция көшедегі автокөліктерді рейдтік бақылау бағытында өтті. Іс шараның мақсаты қаладағы атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендету

Рейд барысында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары, Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің сынақ зертханасы және Шымкент қаласы  патрульдік-бекеттік полиция экипажымен бірлесіп автокөліктен шығатын тыныс алуға зиянды, әрі ауа ластайтын шығарындылар тексерілді. Рейдте көшедегі автокөліктер тоқтатылып, оның ішінде уыттылық пен түтінділік бойынша тиісті нормалардан асып түскен көлік жүргізушілер ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алдағы уақытта  «Таза ауа» экологиялық акциясы тұрақты түрде жалғасатын болады.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласы аумағындағы  443 магистральды көше қазір күндіз-түні үздіксіз тазартылады. Қаланың тазалығын қамтамасыз ету мақсатында Тұран және Әл-Фараби аудандарында “Таза өлке” және “ШымкентСпецКомплекс” мердігер мекемелері арқылы арнайы техникалар жұмылдырылған.

Сондай-ақ, «Қауіпсіз қала» жобасы бойынша орнатылған бейнекамералардың арқасында мегаполисте қылмыс деңгейі әлдеқайда төмендеген. Бейнекамераларға байланысты Шаһар басшысы қаладағы тәртіптің тұрақты болуына аса мән беру керектігін қадап айтқан болатын.

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы деректерді өңдеуге, әр¬түрлі ситуацияда тиімді жұмыстарды ұйым¬дастыруға мүмкіндік береді. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басқа, бұл жоба мегапоистің тыныс-тіршілігіне талдау жүргізуді оңайлатып автоматтандырады. Сондай-ақ жо¬баны іске асыру қала тұрғындары¬ның өмір сүру сапасын арттырады, тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кетейік, биылғы орнатылатын бір жарым мың камераның 500-і жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, 2024 жылға 2000 дана бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда.

Цифрлық дәуірде инфрақұрылымды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласында 2023 жылы 1500 дана бейнекамералар орнату көзделген. Сондықтан ҚР Президенті Қ.Тоқаев тапсырмасына сәйкес «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы аясында биылғы жоспар бойынша арнайы қаражат бөлініп, мемлекеттік тапсырыс арқылы жеңімпаздар анықталуда.

Алдыңғы пост
Қатерлі ісікпен есепте тұратын балаларға әлеуметтік көмектер төленуде
Келесі пост
Шымкент: Аутизмге шалдыққан балаларды емдеуде оң нәтижелер бар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu