Бұл жыл басынан бергі статистикалық мәлімет. Олардың ішінде үшемдерде бар.
Бұл өте қуанарлық жағдай. Елімізде халық санының өсіп жатқаны – жақсы құбылыс. Талай нәубетті басынан өткеріп, өсу қарқыны бәсеңсіп қалған халқымыз, биыл 20 миллиондық межеге жетіп қуантып отыр. Елімізде халықтың әлеуметтік жағдайына аса мән беріліп, аналардың да алаңсыз балалы болуына жағдайлар қарастырылып жатыр.Босанғанға дейінгі, босанғаннан кейінгі жәрдемақылары өсті. Әрбір бала туылғанда берілетін жәрдемақылар да жыл сайын өсіп отыр. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер проактивті және композитті нұсқаларға көшірілді. Аналар көп қызметтерді ХҚО-ға келмей-ақ онлайн алатын болды, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Фарида Бокижанова.
Ресми мәлімет бойынша әлемде 80 мыңға жуық егіз бар көрінеді. Жыл сайын әлемде 1,6 миллион егіз туады екен. Ал, Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде 48 орынға жайғасқан.