Шымкентте бір топ адам ерлі-зайыптыларды ұрып-соғып, тонап кеткен

Теги: , ,
243

Шымкентте бір топ адам түнгі уақытта үйіне оралған ерлі-зайыптыларды тонап кетті. Белгісіз төрт адам алдымен ер мен әйелді ұрып-соққан.

Олар жәбірленушіден ақша мен смартфоны бар сөмкені алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 350 мың теңгені құрады. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеді.

“Біз тонауға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша бірқатар жедел іс-шаралар жүргіздік. Куәгерлермен сөйлесіп, оқиға орнына жақын орналасқан бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілді. Соның арқасында, біз күдіктілердің ізіне түстік”, – деді Тұран аудандық полиция басқармасының тергеушісі Қанат Өтеген.

Нәтижесінде 2 тәулік ішінде екі күдікті қаладағы жабық базар аумағында, тағы екеуі Түркістан облысы Ордабасы ауданы аумағында ұсталды. Олардың барлығы Түркістан облысының тұрғындары болып шықты.
Тоналған мүліктер заңды иесіне қайтарылды. Тәртіп сақшыларын оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Алдыңғы пост
Шымкентте тежегіші істен шыққан қоғамдық автобус апатқа ұшырады
Келесі пост
Шымкент: «қамқорлық» орталығының тәжірибесі өзге өңірлерге үлгі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu