305
Алматы полицейлері қаладағы белгілі бір ЖШС басшысынан ақша бопсалады деген күдікпен ерлі-зайыптыларды ұстады. Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілер жәбірленушіден қаражаттың бір бөлігін алу кезінде құрықталған. Олар бұл ақшаны негативті материалды жарияламау үшін алған көрінеді.
Қазіргі таңда аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады.