Шымкентте үш күнде 500-ден аса автобус жүргізушісі жол ережесін бұзған

228

Шымкенттік полицейлер қала аумағында жол апатын азайту, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде. Үш күнде жол ережесін бұзған 500-ден аса жүргізуші анықталды.

Шара аясында тәртіп сақшылары қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтті. Осылайша мегаполисте қоғамдық көлік жүргізушілері жасалған 568 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Атап айтқанда, 164 жүргізуші (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы) көлік тізгіндеген сәтте ұялы телефонды пайдаланса,  105-і (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы) маневр жасау қағидаларын бұзған. 50 автобустың техникалық байқаудан өтпегені анықталған (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі). Ал 36 жүргізуші міндетті сақтандыру қағидасын бұзған (ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігі).

16 жүргізушінің тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі), тағы 16-сының жолаушыларды, багажды және заттарды тасымалдау ережесін бұзғаны (ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы) белгілі болды.

6 автобустың рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпегені (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі), 4-еуінің көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынғаны (айыптұраққа қою), тағы 4 жағдай бойынша автобус парктерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталған.

Алдыңғы пост
ҰҚК теракт ұйымдастырмақ болған шетелдік азаматты ұстады
Келесі пост
Алматыда ерлі-зайыптылар компания басшысынан ақша бопсалаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu