Оқиға орнында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев барып, қаза тапқандар туралы ақпаратпен бөлісті.
Қала басшысы қаза тапқандардың 11-і – қазақстандық, біреуі – Өзбекстан, тағы біреуі Ресей азаматы екенін жеткізді.
Қайта жөндеп, санитарлық нормаларды сақтап орналастыруға болады. Бірақ қанша адамның тұрғаны және олардың қандай мақсатта тұрғанына қатысты сұрақ туады. Жертөледегі бөлмелерді заттарды орналастыру, қойма ретінде қолдануға болады. Бірақ қазір тергеу жұмыстарынан кейін бәрі анықталады, – деді әкім.
Айта кету керек, хостел 1,5 ай бұрын ашылған. Ал ғимарат Халық банкке тиесілі. Банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген. Бірақ қаланың жоғары оқу орындарымен студенттердің тұруы үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмаған деп көрсетілген Алматы қаласының әкімдігінің мәліметінде.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.