Азия ойындары-2023. Ханчжоуда салтанатты түрде Қазақстан туы көтерілді

Теги: , ,
245

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына қатысу үшін Қытайдың Ханчжоу қаласына жетті. Осыған орай байрақты бәсеке қарсаңында Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті.

Жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 23 қыркүйекте өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 524 спортшы бар. Олар жарыс бағдарламасына қосылған 40 спорт түрінің 30-на қатысады. Отандық спортшылар 44 дициплина бойынша марапатқа таласады, онда 305 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жалпы Азиадада 61 дициплина бойынша 481 медаль жиынтығы ойнатылады.

«Жақын күндері үлкен спорт мерекесі басталады. Біздің спортшылар мен жаттықтырушылар оған ұзақ уақыт дайындалды. Әрине, біздің команда Қытайға жоғары нәтиже көрсету және отандастарымыздың үмітін ақтау үшін келді. Ту көтеру рәсімі үлкен доданың басталуын білдіреді. Осы Азия ойындарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы бірнеше мәрте көтеріліп, спорт ареналарында Әнұранымыздың жиі шырқалғанын естиміз деп үміттенемін», – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Алдыңғы пост
Әнші Төреғали Төреәлі тағы да қамауға алынуы мүмкін
Келесі пост
Шымкентте денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu