Антикор: Мұғалімдерге 34500 теңгеден асатын сыйлық беруге тыйым салынады

546

Жыл сайын мектептерде соңғы қоңыраулар, бітіру кештері және мұғалімдер мен мектеп директорларына қымбат сыйлықтар алу тәжірибесі бар. Оқушылардың ата-аналары қосымша шығындарды көтермеуі керек. Қазақстанда орта білім алу тегін. Барлық мектептерде алымдарға қатаң тыйым салынады.

Осыған қарамастан, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 Call-орталығы арқылы мектептердегі алымдар фактілері бойынша 20-дан астам өтініш келіп түскен. Ведомствоның мәліметінше, аталған заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік туралы еске салынған. Атап айтқанда, мектеп директорлары үшін заңсыз материалдық сыйақы мен пара алу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шарасы – 600 АЕК айыппұл (ҚР ӘҚБтК 677 – бабы), қылмыстық үшін – мүлкі тәркілене отырып, пара сомасының 20 еселенген мөлшеріндегі айыппұлдан 15 жылға дейінгі мерзімге дейінгі бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК 366-бабы).

Сондай-ақ мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын (34500 теңге)  сыйлықтар беруге тыйым салынады (ҚР АК 509-бабы). Өзге жағдайда 2000 АЕК дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген (ҚР ҚК 247-бабы).

Осыған байланысты, егер Сіз ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау фактілері, сондай-ақ басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері туралы білсеңіз, 1424 Call-орталығына хабарласуыңызға болады. Азаматтардың барлық өтініштері міндетті түрде қаралады, барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

Алдыңғы пост
Шымкент автобус жүргізушілерінің жалақысы – 500 000 теңге – Шымкент көлік басқармасының басшысы
Келесі пост
Бәйдібекте кәсіпкерден 400 мың теңге пара алған шенеунік сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu