Арғымақ елдімекені көгілдір газбен қамтылды

280

Қаланың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы кешенді жоспар аясында бүгінде Тұран ауданы аумағындағы Арғымақ елдімекеніне табиғи газ жеткізілді. Былтырғы жылдың соңында Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды.  Техникалық шарттары дайын тұрғын үйлерде абоненттеу жұмыстары жалғасып, нәтижесінде 564 абонент табиғи газға қосылады.

Сонымен қатар, Ынтымақ-2 шағын ауданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша құрылыс  2024 жылы аяқталады. Сондай-ақ, Қайнарбұлақ 1, 2 кезең құрылыс жұмыстарын аяқтауға қаржы толық қаралған жағдайда 2024 жылы аяқтау жоспарлануда.

Бүгінде қала аумағындағы 7 251   шақырым газ желілерінің 14 пайызы тозған. Былтырғы жылы Жаңғырту  бағдарламасы аясында «ҚазТрансГаз» АҚ  тарапынан 76 шақырым газ құбырын жаңарту жұмыстары басталған болатын. Шілде айына дейін 51 шақырым  газ құбыры қалпына келтірілетін болады.

Жыл қорытындысымен Сәуле, Ақтас шағынаудандарында  2 магистральды желінің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ биыл  Ақтас, Ақтас1, Нұршуақ, Ақжар, Тұран шағынаудандарында 10 мыңнан астам абонент көгілдір газ желісіне қосылады. Бүгінде тағы 8 елдімекенді газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Ал жалпы алғанда биыл табиғи газ қуаттылығына нақты қажеттілік тәулігіне 270 мың метр куб болса, қолданыстағы қуаттылық 180 мың метр кубты құраған. Осы бағытта 250 мың метр кубты құрайтын жаңа АГРС құрылысын іске асыру арқылы, 2030 жылға дейінгі табиғи газ қуаттылығы мәселесі шешілді.

Бұдан бөлек, Сәуле шағынауданындағы 276-орамда газдандыру құрылысы аяқталуға жақын. Қала әкімі М.Әйтенов елдімекенді аралап, табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарының барысын қадағалады.  Мердігерлер аталған орамға 28 шақырымдық газ құбырын тартуда. Қазіргі таңда атқарылған жұмыстың көлемі 98% құрайды. Алдағы күндері «ҚазТрансГаз» мекемесі техникалық шарттары дайын тұрғын үйлерді абоненттеу жұмыстарын бастайды. Өндірістік кестеге сай  газдандыру жұмыстары ағымдағы жылы тамыз айында аяқталады. Нәтижесінде 1263 абонент көгілдір газбен қамтылады.

М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылысты мерзімінде аяқтап, тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстарын тездетуді тапсырды. Жоспарға сәйкес 2023 жылы көгілдір газбен қамту көрсеткішін 94%-дан 96%-ға жеткізу көзделуде.

Алдыңғы пост
Су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары 65%-ға орындалды
Келесі пост
Шымкенттік жас кәсіпкер 10 адамды жұмыспен қамтуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu