Су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары 65%-ға орындалды

210

Шымкент қаласы аумағындағы 34 су арнасының 8-іне биыл күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Оның үшеуі бүгінде аяқталып, бесеуінің жұмыстары жалғасып жатыр. Соның бірі «Сасық-1» су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс басына барып, жауапты басқарма мен мердігер мекеме қызметкерлерімен кездесті. Аталған су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары талқыланып, алдағы жоспарларға шолу жасады. Каналдың жалпы ұзындығы  14,1 шақырым.

Су арнасының жұмыстарына жауапты мердігер мекемеден 17 техника және елуге жуық жұмысшы тартылды. Қазіргі таңда бетон блоктары орнатылып, демонтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Арнайы өлшем жүргізіліп, жерді құрылыс жұмыстарына дайындап, бетондалған арық жүйесі орнатылуда. Жалпы жұмыстың қазіргі таңда 40%-ы аяқталуға жақын. Жоспар бойынша жоба биылғы жылдың қазан айында аяқталу белгіленген. Қала әкімі мердігер мекеме басшылығына су арнасын пайдаланатын шаруалармен де кездесіп, құрылыс жұмыстарын тұрғындарға тиімді етіп ұсынуды тапсырды.

Сонымен қатар, миллион тұрғыны бар ірі қалаларда ирригация мәселесі өзекті. Әсіресе, көктем мен күз айларында жауын-шашын көбейіп, арық-атыздар арнасынан тасып, кейбір көшелерді су алу қаупі кездеседі. Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Тұран ауданында 2023 жылы барлығы 41 көшеге 24,01 шақырым ирригация жүйесін салу жоспарланған. Қазіргі уақытта аталған жұмыстар бойынша 19 көшеге құрылыс жұмыстары басталды. Атап айтар болсақ, Қазығұрт елді мекені және112 орам шағын ауданында ирригация жүйесін салу қарқын алды. Ал, қалған 22 көше бойынша мердігер мекеме анықталған соң, жұмыстар жүргізілетін болады.

Тағы бір айта кетер жайт, қазіргі таңда қала тұрғындарының сүйікті орындарының бірі –  Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылуда. Бүгін қала әкімі М. Әйтенов 1,8 шақырымды құрайтын  аумақта атқарылып жатқан абаттандыру жұмыстарын тексерді. Нысан құрылысын «Стронг Сервис» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Жобаға сәйкес абаттандыру аймағында қоршаулар озық үлгіде жаңаланып, күркелер мен әткеншектер және балалар ойын алаңшалары салынады.  Осылайша демалушыларға заманауи талапқа сай қолайлы жағдайлар жасалады. М. Дүйсенбекұлы аумақтағы жарықтандыру жүйелерін демалушылар үшін ыңғайлы етіп, қоқыс жәшіктерін ұлғайту қажеттігін ескертті. Тұрғындарға қосымша бассейн орнату бойынша тапсырма берді. Абаттандыру жұмыстары өндірістік кестеге сай биыл қазан айында аяқталады.

Алдыңғы пост
Ынтымақ шағын ауданы тұрғындары келесі жылы табиғи газбен қамтылады
Келесі пост
Арғымақ елдімекені көгілдір газбен қамтылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu