309
20 сәуір күні әлеуметтік желілерде Қарағанды облысының екі қаласында қоғамдық орындарда жалаңаш жүрген екі адамның видеосы пайда болған болатын. Оның бірі Қарағанды қаласының орталығында шалбарын шешсе, екінші ер адам Теміртау қаласында жалаңаш жүрген.
Полицейлер екі тұрғынның жеке бастарын анықтады. Олар бұрын психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 54 және 27 жастағы азаматтар. Қазіргі таңда екеуін диспансерге қайта орналастыру мәселесі шешіліп жатыр.