Қарағандыда ұландықтардың көмегімен жоғалған бала табылды…

295

2023 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 19:00 шамасында қызметтен үйге қайтып бара жатқан «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ефрейтор Еламан Жаркеев пен ефрейтор Абзал Құрманбай Бұхар жырау көшесіндегі «Самал» сауда үйінің маңында  үлкендердің қарауынсыз, ақша сұрап жүрген жеті жасар баланы  көреді.

Әңгіме барысында бала жоғалып,  жол жүруге ақша сұрап жүргені белгілі болды. Уақыт жоғалтпай ефрейтор Абзал Құрманбай бірден тонған баланы «Самал» сауда үйіне кіргізіп,  ата-анасының  байланыс нөміріне қоңырау шалады, жоғалған ұлын тапқаны және қай  мекен-жайға келуін хабарлайды.

Шамамен 20 минуттан кейін баланың анасы бірден белгіленген мекенжайға келіп, ұлымен  кездесті.

Әңгіме барысында Ж. айтуы бойынша екі баласымен базарда сауда жасап жүрген кезде,  ұлы ойын автоматтарына қызығып анасынан қалып қойған, анасын жоғалтып алғанын түсініп  даладағы аялдаманың қасындағы адамдардан үйге қайту үшін ақша сұрап алыстап кеткен.

Қуанышты ана аталған әрекеттері үшін әскери қызметшілерге алғысын білдірді.

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Алдыңғы пост
Келер жылы ҰБТ форматы өзгереді
Келесі пост
Шымкентте жас жігіт экс-әріптестерінің атынан оп-оңай несие рәсімдеп алған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu