Арнаулы әлеуметтік оңалту орталықтарында сенбілік өтті

428

Қоршаған ортаны қорғау және экологияға жанашырлық таныту басты  мәселенің бірі. Кез-келген адам, өз ортасын таза ұстап, табиғатқа оң көзбен қарауға міндетті.  Қазіргі кезде бұл тұрғыда атқарылып жатқан жұмыстардың бірі ретінде – ел экологиясын жақсартуға бағытталған заңдардың қабылдануын атап өтсек болады. Атап айтқанда, Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жағдайы бойынша жыл сайынғы ұлттық баяндама шығарылады. Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданып жатыр. Тіпті, мемлекеттік қызметкерлерде өзара келісіп, ауызбіршілікпен сенбілік өткізуде.

Мәселен, бүгін Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты барлық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында сенбілік өтті. Шараның мақсаты –  экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу. Орталық қызметкерлері орталық аумақтарын жинастырып,  әрлеу жұмыстарын жүргізді. Ыстықта өрт қаупін тудыратын қураған шөптер шығарылды. Осылайша сала қызметкері мегаполистің қоршаған ортасын таза ұстауға, экологияның жақсаруына қолғабыс жасады.

Табиғат байлықтарын сақтау жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтардың өмірі мен қызметін, мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуының және әл-ауқатын арттырудың негізі болып саналады. Ал қоршаған ортаны, ондағы жасыл желекті аялау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен оның байлықтарын сақтау және көркейту әрбір адамзаттың міндетіне кіреді.

Бүгінде мемлекетімізде экология саласындағы қозғалыстар мен түрлі жобалар бар. Кейбір аймақтардағы оқушылар мен студенттер еліміздегі қайта өңдеу саласын дамыту, энергия үнемдеу мен қоршаған ортаның өзекті мәселелері бойынша өз жобаларын ұсынып, өзекті проблеманы шешуге атсалысып келеді.

Ал үшінші мегаполиске қайта оралатын болсақ, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында сенбілік жұмыстары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Жалпы, Шымкент қаласында 11 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Қызметкерлер 3000-нан астам қызмет алушыға түрлі емдік оңалту шараларын көрсетеді.

Өзгелердің игілігі үшін қызмет ететін еріктілердің еңбегі біздің қоғам үшін қашанда керек. Көкірегі ояу, талапшыл адамдар болса, табиғатымыз жасыл желекке айналары сөзссіз.

Алдыңғы пост
Шымкенттік жастардан жеңілдетілген шағын несие алуға өтінімдер қабылданады
Келесі пост
Жоғалған 15-ші орманшының тракторы табылып, өзін іздестіру жалғасуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu