295
Ақтауда ауызашарға барған медицина қызметкерлері тамақтан уланды. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыс орталығындағы мейрамханалардың бірінде өткен ауызашарға медицина мекемелерінің 50 қызметкері шақырылған. Соның 16-сы көпбейінді жұқпалы аурулар ауруханасына улану белгілерімен шағымданған.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасындағылар ақ халаттылардың жаппай улану дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Қазіргі таңда СЭС мамандары аурудың мән-жайын анықтап жатыр.