Мәжіліс осындай заң жобасын қабылдады.
Аталған құжат бір топ депутатпен «Халықтың көші-қоны туралы» заңын жетілдіру және өзге де заңнамалық актілерді Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру үшін әзірленді, – деді депутат Магеррам Маггерамов.
Заң жобасында мына ережелер көрсетілген:
Көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды іске асыру тәртібін айқындау;
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін сотталған шетелдіктерге елімізге кіруді және елдің азаматтығын алуды шектеу;
Экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салу;
Төтенше жағдайларда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселесін реттеу.
Айта кетейік, мұндай өзгеріс көші-қонды неғұрлым тиімді бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Және халықты құжаттандыру рәсімдерін жақсартады екен.