Кәсіптің кілтін тапқан Шымкенттік Шербек

110

Шербек Қаюпов – Шымкент қаласының тұрғыны. Бұл күнде Асар шағын ауданында тұратын ел ағасы жылдар бойы маңдай терімен еңбек етудің арқасында кәсібін өрге домалатып, отбасын береке мен молшылыққа кенелткен жан.

2010 жылдары Өзбекстаннан елге көшіп келгелі осында мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болып, қазір ауласының алдындағы жылыжаймен нәпақасын тауып отыр.

Мұнан бөлек былтырдан бері биогумус өндіруге ынта танытып, содан бері минералды тыңайтқыштан да пайда көзін тапты. Жылыжайдағы қияр мен қызанақтан басқа, бау-бақшасына алманың ең жемісті сорттарын егіп, оны да нарыққа шығаруда.

Берекелі отағасының тағы бір қыры – Шербек қандасымыз қолы қалт еткенде көлік жөндеудің хас шебері.

Сонымен үш сотық жердегі жылыжайдан жыл сайын 4-5 тоннадан аса өнім алатын кәсіпкер бұл күніне дән риза. Қияр пен алманы, минералды тыңайтқыштарды да өзі жергілікті базарларға апарып сатады. «Алған өнімім жылыжай шығындарын да, ипотекалық баспананың да қарызын өтейді, ұл-қыздарымды осы табысыма оқытып, бәрін де аяқтандырып, үйлі еттім» дейді Шербек аға. Еселі еңбекпен бірге нәтижелі жемістің дәмін татқан, педагог жұбайы екеуі  үш перзентті тәрбиелеп өсірген бұл азамат көпке үлгі болары сөзсіз.

Ал жалпы айтар болсақ, шымкент қаласының әкімдігі кәсіпкерлікпен айналысамын дегендерге барынша қолдау көрсетіп келеді. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сондықтан, орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мемлекетіміздің тұрақты стратегиясы болып табылады. Сала экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуға тиіс.

Бұл ретте Мемлекет басшысысы бірқатар тапсырмалар жүктеп, нәтижелі мемлекеттік бағдарламаларды бекітті. Президент тапсырмасы аясында атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде Шымкентте бүгінде 128,6 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.

Өткен жылдың есептік кезеңінде бұл көрсеткіш 46,4%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 213,7 мың адамға жетіп, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ға өскен.

Өндірілген өнім көлемі бойынша бүгінде 517,8 млрд. теңгені құрап, шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 50,3%-ға жетті. Бүгінгі таңда қалада мемлекеттік бағдарламалар аясында 3516 шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына қолдау көрсетілді.

Алдыңғы пост
Сарыағашта 5 жасар қызды зорлап, айуандықпен өлтірген педофилге сот үкімі шықты
Келесі пост
Шымкенттік жас жігіт жалған түбіртек көрсетіп, тегін ас ішіп кетіп жүрген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu